ҰБТ онлайн › ҰБТ тақырыптары › Дүниежүзі тарихы
ҰБТ Дүниежүзі тарихы тақырыптары: ҰТО спецификациясы
ҰБТ дүниежүзі тарихынан тест құрастырылатын тақырыптардың толық тізімі: Ұлттық тестілеу орталығының ресми спецификациясы бойынша 8 бөлім және 40 тақырып (2026 жылдан бастап қолданылады).
1. Ежелгі әлем ө ркениеттері
- Ежелгі Египет. Ежелгі Месопотамия. ө ркениеттері.
- Ежелгі Қытай. Ежелгі Үндістан.
- Ежелгі Греция. Ежелгі Рим. Александр Македонский империясы. Парсы империясы.
2. Орта ғасырлар к езеңі
- Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары. Рим империясының құлауы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және Батыс Рим империясының құлауы.
- Византия империясы. Византия мен Түрік қағанатының дипломатиялық қарымқатынастары. Киев Русінің құрылуы. Киев Русінде христиандықтың қабылдануы.
- Феодализм. «Феодализм» түсінігі. Феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері. Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы. «Қара індет». Франция мен Англиядағы шаруалар көтерілісі. Феодалдық соғыстар (Жүз жылдық соғыс, Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы) және Еуропадағы бір орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы. Жанна д`Арк.
- 610 және 1258 жылдар аралығындағы ислам тарихындағы басты оқиғалар. Араб халифаты. Крест жорықтары. Крест жорықтарының себептері, барысы және салдары (1-4 крест жорықтары). Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа және мұсылман әлемі.
- Моңғолдар. Шыңғыс хан. Моңғол империясының құрылуы. Моңғолдардың әскери өнері. Еуразия этносаяси картасының қалыптасуына моңғол жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат).
- Феодалдық мемлекеттің даму кезеңдері. Батыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері. (Франция, Ресей, Англия).
- Шығыс мемлекеттеріндегі абсолютизмнің ерекшеліктері (Қытай, Жапония, Осман империясы).
- Реформация. Реформация себептері мен оның Еуропа елдеріндегі таралуы. Мартин Лютер наразылығының тарихи маңызы.
3. Ұлы
- XV ғасырдың соңы - XVI ғасырдың басындағы Ұлы географиялық ашулар мен олардың салдары. XV ғасырдағы Америка халықтары. Алғашқы отарлық империялар (Португалия, Испания). Африканың дәстүрлі өркениеттері. географиялық ашылулар және олардың салдары.
- Жаңа заманның басталуы. XVII ғасырдағы ағылшын бұржуазиялық революциясы. Дәстүрлі өркениет дағдарысы және Англияда XVII ғасырда жаңа қоғамның пайда болуы. Мануфактура, фабрикалардың пайда болуы және жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп төңкерісі: мәні, маңызы және салдары. Феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа өту. Индустриалды қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының ерекшеліктері. Орта ғасырлар к езеңі.
- Солтүстік Америкадағы Британ отарлары. Отар елдердің әлеуметтікэкономикалық дамуы. Тәуелсіздік үшін күрес және Америка Құрама Штаттарының құрылуы. «Тәуелсіздік декларациясы». Америка Құрама Штаттарының күшеюі. «Жапонияны ашу». Трансатлантикалық құл саудасы. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы. Америка Құрама Штаттарындағы құлдықтың жойылуы. Өнеркәсіптің өркендеуі және әлеуметтік-экономикалық даму.
- Француз бұржуазиялық революция. Француз абсолютизмнің дағдарысы. Француз бұржуазиялық революциясының негізгі оқиғалары. Республикалық құрылыстың ерекшеліктері. Наполеон Бонапарттың ішкі және сыртқы саясаты. Антифранцуздық коалициялар. Құрлықтық блокада. Наполеонның Ресейге басып кіруі. Наполеон империясының күйреуі.
- XIX ғасырдағы империялар және олардың бәсекелестігі. Ұлыбритания мен Ресейдің Иранға ықпал ету бәсекелестігі. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. Қырым соғысының себептері мен салдары.
- Осман империясының саяси және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Танзимат реформасы: мақсаттары мен нәтижелері. ХVIII ғасырдың ІІ жартысындағы Осман империясының әлсіреуі: ішкі және сыртқы саясат.
- XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері. Цин династиясының оқшаулану саясаты мен еуропалықтардың сауда, дипломатиялық миссиялары. Апиын соғыстары: себептері мен салдары. Ихэтуандар көтерілісі. Еуропалық мемлекеттердің Қытайды «ықпал ету аймақтарына» бөлуі. Жартылай отар Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- Революциялық идеялардың XІX ғасырда Еуропаға таралуы. Мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Германия, Италия). Либералдық және демократиялық қозғалыс. Марксизмнің қалыптасуы мен таралуы. Еуропадағы 1848 жылғы буржуазиялық революциялар. Франко-Пруссия соғысы және Германияның бірігуі. Италияның бірігуі.
- XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Әлеуметтікэкономикалық даму. Ресей самодержавиясының ерекшеліктері. Ресейдегі азаттық қозғалыстың үш кезеңі. Декабристер көтерілісі. II Александр императордың реформалары. Халықшылдардың қозғалысы. Ресейдегі марксизмнің таралуы мен В.И. Лениннің революциялық қызметінің басталуы.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. ХХ ғасырдың басындағы жетекші капиталистік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтар. Қарама – қайшылықтардың шиеленісуі және екі әскери-саяси блоктардың – Үштік Одақ пен Антантаның құрылуы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері. 1914-1918 жылдардағы негізгі соғыс қимылдары. Соғыс жылдарындағы әскери стратегиялардың, ғылым мен техниканың дамуы. Германия мен оның одақтастарының жеңілуі. Компьен бітімі. Соғыстың салдары. Париж бітім конференциясы. Әлемнің саяси картасының өзгеруі. Империялардың күйреуі. Мандаттық жүйе. Ұлттар Лигасының құрылуы және қызметі. Вашингтон конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесінің қарама-қайшылығы мен әлсіздігі.
- 1917 жылғы Ресейдегі революциялар. Саяси күштердің күресі: социалистік партиялар (эсерлер, меньшевиктер, большевиктер), либералдар (кадеттер), радикалдар (анархистер). Большевиктердің билік басына келуі. Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері. «Еңбекшілер құқығы туралы Декларация». Азамат соғысы және шетелдік әскери интервенция. «Әскери коммунизм» саясатынан «Жаңа экономикалық саясатқа» көшу. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуы. Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптаса бастауы. Осман империясының Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы. Севр бейбіт келісімі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Осман империясында сұлтан ХХ ғасырдың басындағы әлем. Бірінші дүниежүзілік соғыс: себептері мен салдары. Екі дүниежүзілік соғыс арасындағы ә лем.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қытай. Жапонияның Қытайға «21 талабы». Париж және Вашингтон конференцияларындағы «Қытай мәселесі». 1919 жылғы 4 мамыр қозғалысы. Жаңа мәдениет үшін қозғалысы. Гоминьдан және Қытай коммунистік партиясы. 1925-1927 жылдардағы ұлттық революция және біртұтас майдан мәселесі. Чан Кайши және Нанкин өкіметі. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай. Гоминьдан қызметі. Азамат соғысы. Синьхай революциясы. Сунь Ятсен – Қытайдың уақытша президенті. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Біртұтас майдан мәселесі. Синьхай революциясы және Қытай республикасының жариялануы. Сунь Ятсеннің үш принципі және Қытай республикасының тағдыры. М. Гандидің Үндістан тәуелсіздігіне қол жеткізудегі көзқарастары. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония. «Танака меморандумы» және басқыншылық саясат. «Антикоминтерндік пакт» пен «Үштік пакт». Жапонияның Қытайдағы және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі басқыншылық саясаты. Дағдарыс қарсаңындағы Жапониядағы экономикалық және саяси жағдай. Агрессивтік сыртқы саясат Жапонияны дағдарыстан шығару тәсілі ретінде.
- Әлемдік экономикалық дағдарыстың себептері мен салдары. Экономикалық және қаржылық реттеудің жаңа түрлерін енгізу. Экономикалық дағдарыс қарсаңындағы АҚШ-тың экономикалық және саяси дамуы. Уолл-Стриттегі қор биржасының күйреуі. «Қара бейсенбі» және экономикалық дағдарыстың басталуы. Банкроттық және жұмыссыздықтың өсуі. 1932 жылғы «Аштық маршы». Ұлы тоқыраудың тарихи салдары. Джон Кейнстің теориясы – демократия жағдайындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің, жаңалиберализмнің негізі. Франклин Делано Рузвельттің «Жаңа бағыты». Соғысаралық кезеңдегі Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы.Француз фашизмі. Франциядағы «Халықтық майдан» өкіметі. Леон Блюм өкіметінің шаралары, «дирижизм» саясаты. «Капиталды шетелге жіберу». Әлемдік экономикалық дағдарыс және оның Франциядағы салдары. Францияның әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу жолдары. Франциядағы фашизмнің жеңілу себептері. Халықтық майдан үкіметі. Халықтық майданның антифашистік сипаты және оның реформаларының бағдарламасы. 1936 жылғы Матиньон келісімдері. Эдуард Даладье және Халықтық майданның әлеуметтік-экономикалық саясатынан бас тарту. Э. Даладье өкіметінің сыртқы саясаты және Халықтық майданның күйреуі.
- Еуропа елдеріндегі тоталитарлық режимдер. И.В. Сталин және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағындағы тоталитаризм. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. Кеңестік қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1937-1938 жылдардағы жаппай саяси репрессиялар. ГУЛАГ жүйесі. XX ғасырдың 30-жылының соңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты.
- Германия. 1918-1919 жылдардағы революциялық үдерістер. Веймар республикасы. Соғыс салдары, экономикалық және саяси дағдарыс. Фашистік партия және тоталитарлық режимнің орнығуы. Ұлтшылдар партиясының әлеуметтік-экономикалық саясаты. Үшінші Рейхтің жүргізген сыртқы басқыншылық саясаты. Юнг жоспары: Германияны экономикалық дағдарыстан шығару. Рейхстагтың Ұлы тоқырау кезеңінде қабылдаған заңдары және олардың экономикалық дағдарыстан шығарудағы ролі. Ұлтшыл–социализмнің (нацизмнің) идеологиясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италия. Фашистік ұйымның пайда болуы. Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы күресі. «Маттеотти дағдарысы». Б. Муссолини өкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғысаралық кезеңдегі Испания. Буржуазиялық-демократиялық революция. Халықтық майданның жеңісі. Азамат соғысы және 1936-1939 жылдардағы фашистік интервенция. Фашистік режимге қарсы күресте интернационалдық бригадалардың ролі. Ф. Франко диктатурасының орнауы.
- Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері м ен салдары.
- Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балқан түбегі, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Басып алынған аумақтарда орнатылған фашистік «Жаңа тәртіп». Жапонияның Перл-Харборға шабуылы және Америка Құрама Штаттарының соғысқа кірісуі. Соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс. «Екінші майдан» ашу мәселесі. Фашистік Германияға қарсы кеңес халқының Ұлы Отан соғысы. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының барысы. Антигитлерлік коалициядағы одақтастардың жеңісі. Фашистік мемлекеттердің тізе бүгуі және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Нюрнбергтегі, Хабаровскдегі және Токиодағы халықаралық әскери трибуналдар.
- Маршалл жоспары. «Қырғи қабақ соғыстың» басталуы. У.Черчилдің Фултондағы сөзі. Трумэн доктринасы. Екі полюсті әлем. Әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ қарсылығы. Әлемдік «социалистік лагерьдің» қалыптасуы. 1948-1962 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» негізгі оқиғалары. ГФР мен ГДР құрылуы. Өзара экономикалық көмек Кеңесі. 1950 - 1953 жылдардағы Корея соғысы. 1956 жылғы Венгриядағы оқиғалар. 1958 жылғы Берлин дағдарысы. Берлин қабырғасының қалануы (1961 ж.). КСРО мен АҚШ-тың космостағы бәсекелестігі. 1962 ж. Кариб (Куба) дағдарысы. Вьетнамдағы соғыс. 1968 жылғы Чехословакия. Ядролық клубтың құрылуы. Қарулану жолындағы жарыс. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) (Хельсинки, 1975 ж.) Қорытынды акті . Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіргізілуі. Биполярлық әлемнен көпполюсті әлемге өту. 1979-1985 жылдардағы «қырғи қабақ соғыстың» түйінді оқиғалары және оның аяқталуы. «Қырғи қабақ соғыстың» салдары: әлем картасындағы өзгерістер, жергілікті әскери шиеленістер. Шығыс Еуропадағы коммунистік режимдердің дағдарысы. «Бархыт революциялары». Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару.
- Халықаралық ұйымдардың қалыптасуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен қызметі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. XX ғасырдың екінші жартысындағы халықаралық мәселелерді реттеудің жолдары. Еуропалық интеграция (Еуроодақ, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы). Отарсыздану үдерісінің күшеюі. Әлемдік отарлау жүйесінің дағдарысы және күйреуі. Африка жылы. Франциядағы отарлық мәселенің шиеленісуі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі араб мемлекеттерінің негізгі даму тенденциялары. Араб-израиль қайшылығы мен Палестина мәселесі. «Араб көктемі»: әлемдік саясат үшін себептері мен салдары. Қазіргі әлемнің жаһандануы. Халықаралық лаңкестік және экстремизм.
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру. Еуропа кеңесі (1949 ж.). «Шуман жоспары» (1950 ж.). Брюссель келісімі (1954 ж.). Еуропалық экономикалық Қауымдастық (1957 ж.). Шарль де Голльдің Бесінші республикасы. Көмір мен болаттың Еуропалық бірлестігі (1952 ж.). 1968 жылғы Франциядағы мамыр дағдарысы. Ұлыбританиядағы Лейбористік өкіметтің «жалпыға бірдей бақуатты мемлекетке» өту бағытындағы шаралары. Г. Макмилланың экономикалық саясаты және Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясының (1960 ж.) құрылуы. Г. Вильсонның экономикалық эксперименттері. Э.Хитт өкіметінің экономикалық саясаты. Батыс Еуропа мен АҚШ-тағы Жалпыға бірдей бақытты мемлекет» негіздерінің қалыптасуы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлыбританиядағы консерватизмнің жаңа консерватизмге (неоконсерватизм) ауысуы. М. Тэтчер және радикалдық консерватизм. Англия үшінші өнеркәсіптік революция кезеңінде. Швеция үлгісіндегі социалдемократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Швед экономикасының аралас моделі. Ұжымдық келісімдер жасақтау жүйесі.Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясы мен швед кәсіподақтарының орталық бірлестігінің бірлескен қызметі. Германиядағы «әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» сипатты белгілері. Германиядағы ХДС пен ХСС партиялары коалициясының экономикалық саясаты. «Аденауэр дәуірі» (1949-1963 жж.). Л. Эдхардттың Екінші дүниежүзілік соғыс: себептері м ен салдары. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлем.
- КСРО-дағы соғыстан кейінгі қалпына келу және әкімшіл-әміршіл жүйенің нығаюы. «Хрущев жылымығы». Кеңестік экономиканы реформалаудың сәтсіздікке ұшырау себептері. «Тоқырау» кезеңі (1960 жылдың ІІ жартысы – 1980 жылдың соңы). КСРО-дағы Қайта құру және КСРОның ашық сыртқы саясатқа көшуі. КСРО-ның ыдырауы.
- ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Азия елдерінің даму ерешеліктері. Коммунистік Қытай: саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйе сипаттамасы. ҚКП Бас бағытын қабылдау (1953-1967 жж.) Мао Цзэдунның «Үлкен секірісі». «Мәдени революция». Дэн Сяопин – қытайлық реформалардың «архитекторы». Қытай социализмі. Қытайлық реформалардың жетістіктері. 1950-1960жылдардағы жапондық және оңтүстік кореялық «экономикалық ғажайыптың» себептері. АСЕАН (Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) құрылуы (1967). Үндістанның тәуелсіз дамуы: мәселелер және шешу жолдары. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ұлт-азаттық күрестің күшеюі. Үнді Ұлттық Конгресінің үнді халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі. Күш көрсетпей бағынбау науқаны. Дж. Неру және оның тәуелсіздік үшін күресінің тәсілдері. М.А. Джинна және тәуелсіздік үшін күрестегі Мұсылман лигасының қызметі. Британдық Үндістанды бөлу және екі мемлекеттің (доминионның) қалыптасуы. Үндістан мен Пәкістанның тәуелсіздіктерін жариялауы. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кемализм эволюциясы. Жаңа және қазіргі заманғы индустриалдық елдердің ортақ белгілері.
4. Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы
- Алғашқы қауымдық өнердің түсінігі және түрлері. Ежелгі Египет мәдениеті. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Ежелгі Қытай мәдениеті. Ежелгі Үндістан мәдениеті. Ежелгі Греция мәдениеті. Ежелгі Рим мәдениеті. Eжелгі діни нанымдар. Eжелгі философиялық ойлар.
5. Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы
- Ортағасырлық қалалар мен ортағасырлық өнердің даму ерекшеліктері. Исламның пайда болуы. Мұсылман әлемі мәдениетінің дамуы. Сауда, қолөнер және әлемді игеру. Ұлы Жібек жолы. Халықаралық сауда мен саяхаттар. Қытайдағы Мин әулетіндегі теңіз саяхаттары (Чжен Хе басшылығымен). Қайта өрлеу. Батыс Еуропадағы Ренессанс мәдениеті. Гуманистік идеялар. Шығыстың ортағасырлық мәдениеті. Ғылыми революция. Әлемнің қазіргі ғылыми суретінің негізін салушылар және олардың ізбасарлары.
6. Жаңа заманда мәдениеттің дамуы
- Ағартушылық идеяларының таралуы. Ағарту дәуірінің қайраткерлері. «Ағартушылық абсолютизм». Еуропа мен Солтүстік Америкада революциялық процестердің таралуындағы ағартушылық идеяларының рөлі. Ағартушылық идеяларының қоғамдық санаға әсері. Ағарту дәуіріндегі Франция мәдениеті. Өнер және оның XIX ғасырдағы бағыттары. Әдебиет және өнер. Әлеуметтік әділетсіздіктің өнердегі көрінісі. Ғылыми ойдың дамуы. ХІХ ғасырдағы ғылыми жаңалықтар.
7. ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым
- Ғылыми-техникалық прогресс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы мәдениет және ғылым. Мәдениет дамуының ерекшелігі. Қоғамдағы дін рөлінің өзгеруі. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы - ХХI ғасырдың басындағы ғылым, білім, технология. ХХ ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басындағы жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, техника мен өндірістегі маңызды жаңалықтар мен жетістіктер. Ғылыми-техникалық революция - ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі. АҚШ-тағы ғылыми техникалық революцияның елдердің дамуына әсері. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Бұқаралық мәдениет.
8. Контекстік тапсырмалар
- Құжаттағы тарих.
- Тарихи тұлғалар.
- Тарихи карталар мен схемалар. Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы. Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы. Жаңа заманда мәдениеттің дамуы. ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым. Контекстік тапсырмалар.
Қателеріңізді талдап, грантқа дейінгі жоспар керек пе?
WhatsApp-та кураторымыз Еланаға «ТЕСТ» деп жазыңыз: ол нәтижеңізді тегін талдап, әлсіз тақырыптарды көрсетіп, ҰБТ-ға балды қалай көтеруге болатынын айтады.
WhatsApp-қа «ТЕСТ» деп жазу Telegram-дағы «Абитуриент» көмекшісіTelegram-ботта — бейіндік пәндер бойынша мамандық таңдау, ЖОО-лар және грантқа түсу мүмкіндігі.
Жиі қойылатын сұрақтар
ҰБТ-да дүниежүзі тарихынан қандай тақырыптар болады?
Бөлімдер: Ежелгі әлем ө ркениеттері; Орта ғасырлар к езеңі; Ұлы; Ежелгі әлем мәдениетінің дамуы; Ортағасырдағы мәдениеттің дамуы; Жаңа заманда мәдениеттің дамуы; ХХ ғасыр – ХХІ ғасырдың басындағы мәдениет пен ғылым; Контекстік тапсырмалар.
Ресми спецификацияны қайдан алуға болады?
Спецификацияларды Ұлттық тестілеу орталығы testcenter.kz сайтында жариялайды. Түпнұсқа PDF сілтемесі — беттің төменгі жағында.
2027 жылға жаңа спецификация бола ма?
ҰТО әдетте спецификацияларды күзде жариялайды. Әзірге «2026 жылдан бастап қолдануға» арналған нұсқа күшінде; жаңасы шыққанда бет жаңартылады.
Дереккөз: ҰТО-ның ҰБТ тестінің ресми спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдануға). 2027 жылға спецификацияны ҰТО әзірге жарияламаған — 2026-10-20 тексерілді.