Русский

ҰБТ онлайн › ҰБТ тақырыптары › Математика

ҰБТ Математика тақырыптары: ҰТО спецификациясы

ҰБТ математикадан тест құрастырылатын тақырыптардың толық тізімі: Ұлттық тестілеу орталығының ресми спецификациясы бойынша 10 бөлім және 18 тақырып (2026 жылдан бастап қолданылады).

Математика: сынақ тест

1. Сандар

  1. Түбірлерге амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер. Бүтін және бөлшек өрнектер.
  2. Дәрежелерге амалдар қолдану.
  3. Тригонометрия.
  4. Алгебралық өрнектер және түрлендірулер. Формулалар. Қысқаша көбейту формулалары. Бөлшектің дәрежесі. Көпмүшені жіктеу. Алгебралық өрнектерді ықшамдау.

2. Теңдеулер

  1. Сызықтық теңдеулер. Квадрат теңдеулер. Бөлшек-рационал теңдеулер.
  2. Тригонометриялық теңдеулер. Иррационал теңдеулер.
  3. Көрсеткіштік теңдеулер. Логарифмдік теңдеулер.

3. Теңдеулер жүйесі

  1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі.
  2. Тригонометриялық теңдеулер жүйелері. Иррационал теңдеулер жүйелері. Көрсеткіштік теңдеулер жүйелері. Логарифмдік теңдеулер жүйелері.

4. Теңсіздіктер

  1. Сызықтық, квадрат және рационал теңсіздіктер. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер. Қарапайым иррационал теңсіздіктер. Көрсеткіштік теңсіздіктер. Логарифмдік теңсіздіктер.

5. Теңсіздіктер жүйесі

  1. Сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар бөлшек-рационал теңсіздіктер жүйесі. Сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Көрсеткіштік теңсіздіктер жүйесі. Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі

6. Тізбектер

  1. Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар .

7. Математикалық модельдеу мен талдау

  1. Математикалық анализ бастамалары. Математикалық модельдеудің көмегімен есеп шығару.

8. Планиметрия

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы.
  2. Метрикалық қатыстар. Векторлар және түрлендірулер.

9. Cтереометрия

  1. Кеңістіктегі геометриялық фигуралар туралы түсінік.
  2. Кеңістіктегі метрикалық қатыстар.

10. Кеңістіктегі векторлар мен түрлендірулер

  1. Кеңістіктегі векторлар мен түрлендірулер.

Қателеріңізді талдап, грантқа дейінгі жоспар керек пе?

WhatsApp-та кураторымыз Еланаға «ТЕСТ» деп жазыңыз: ол нәтижеңізді тегін талдап, әлсіз тақырыптарды көрсетіп, ҰБТ-ға балды қалай көтеруге болатынын айтады.

Telegram-дағы «Абитуриент» көмекшісі

Telegram-ботта — бейіндік пәндер бойынша мамандық таңдау, ЖОО-лар және грантқа түсу мүмкіндігі.

Жиі қойылатын сұрақтар

ҰБТ-да математикадан қандай тақырыптар болады?

Бөлімдер: Сандар; Теңдеулер; Теңдеулер жүйесі; Теңсіздіктер; Теңсіздіктер жүйесі; Тізбектер; Математикалық модельдеу мен талдау; Планиметрия; Cтереометрия; Кеңістіктегі векторлар мен түрлендірулер.

Ресми спецификацияны қайдан алуға болады?

Спецификацияларды Ұлттық тестілеу орталығы testcenter.kz сайтында жариялайды. Түпнұсқа PDF сілтемесі — беттің төменгі жағында.

2027 жылға жаңа спецификация бола ма?

ҰТО әдетте спецификацияларды күзде жариялайды. Әзірге «2026 жылдан бастап қолдануға» арналған нұсқа күшінде; жаңасы шыққанда бет жаңартылады.

Дереккөз: ҰТО-ның ҰБТ тестінің ресми спецификациясы (2026 жылдан бастап қолдануға). 2027 жылға спецификацияны ҰТО әзірге жарияламаған — 2026-10-20 тексерілді.

ҰБТ сынақ тестіWhatsApp